Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық жүргізуші көлік нөмірін ауыстырып жіберетін құрылғы тағып алған

2020 жылдың 19 қазан 2020 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жүргізуші қозғалыс үстінде көлік нөмірін басқасына ауыстырып жіберетін құрылғыны пайдаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел бақылау орталығының инспекторлары видеокамерамен қала аумағын шолғындау барысында нөмір белгісі бүркеленген «Мерседес» көлігін байқап қалған. Автомобиль «Алматы» бизнес орталығы маңында назарға түскен. Сол жерге жіберілген автопатруль анықтағандай, 27 жастағы жүргізуші көлік нөміріне арнайы рамка тағып алған. Бұл құрылғы көлік жүріп келе жатқанда нөмірді қолма-қол басқасына ауыстырып жібереді.

«Мән-жайды анықтау барысында жүргізуші жауапкершіліктен барынша жалтаруға тырысты. Азамат полиция қызметкерлерінің бірнеше мәрте автомобильге қатысты және өзінің жеке құжаттарын көрсету талабынан бас тартты. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сәйкестендіруге кедергі келтіретін арнаулы құрылғылармен көлікті басқарғаны үшін жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодесінің 590-бабымен жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, жас жігіт бір жылдың ішінде жүргізуші куәлігінсіз көлікті жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Құқық бұзушының көлігі коммуналдық автомобиль тұрағына қойылды», - деп атап өтеді департаменттен.


Жоғары қарай