Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордалық жастар дәрігерлерге «Алғыс пакетін» таратуда

2020 жылдың 16 шілде 2020 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен дәрігерлерді қолдауға арналған «Алғыс пакеті» атты акция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 шілдеден бастап дәрігерлерді қолдау үшін «Алғыс пакеті» деп аталатын акцияны бастадық. Қазіргі уақытта ауруханаларға барып, дәрігерлерге азық-түлік, яғни құрамында бүгінгі күні аса қажетті дәрумендер бар жеміс-жидек, түрлі печеньелер, шоколад салынған пакеттер таратамыз. Бұл қала жастары мен волонтерлерінің атынан беріледі. Коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде күні-түні жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсеткіміз келеді. Кеше үш ауруханаға, бүгін де үш ауруханаға бардық. Күн сайын үш ауруханаға барып, акцияны бірнеше күн жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді «Jas Otan» жастар қанаты елордалық филиалының төрағасы Бағдәулет Жанділдаев.

Сонымен қатар ол акцияның қандай қаражатқа жүзеге асырылатындығын айтты.

«Акция волонтерлердің жарналары және демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылады», - деді ол.











Жоғары қарай