Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордалық ұстаздар мен ата-аналар «Біз біргеміз» акциясына қатысты

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы бірнеше күн қардың қалың түсуі салдарынан елорда көшелеріндегі қозғалыс қиындап, мектептерде оқу тоқтатылды. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала тұрғындары бірігіп, қаланы қардан тазалауға атсалысып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Біз біргеміз» акциясын Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру ұйымдарының ұстаздары, оқушылар мен ата-аналар қолдап, мектеп ауласын қардан тазалау шарасын өткізді. Атап айтқанда, #Бізбіргеміз халықтық челленджіне елордалық мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледждердің педагогтары, Оқушылар сарайының ұжымы белсенді қолдады және оларға жанашыр ата-аналар мен студенттер қосылды. Барлық білім беру мекемелерінің аумағын қардан тазартып, еріктілер әлеуметтік желілерде фото мен видео жүктеп #Бізбіргеміз хештегімен жариялауда.














Жоғары қарай