Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордалық таксилер карантинді жеңілдету жағдайында қалай жұмыс істейді

2020 жылдың 19 мамыр 2020 09:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаладағы барлық такси парктерінде Covid-19 инфекциясын жұқтырмау үшін қатаң сақтық шаралары сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық жолаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Сәкен Ханхожиннің айтуынша, такси жүргізушілері бетперде мен қолғап киіп, көлік салоны әр жолаушыдан кейін антисептикпен өңделеді. Көліктер арнайы базада күніне екі рет көлік жуатын техникамен тазартылады.

«Бізде барлығы 14 автопарк бар. Бұл автопарктер санитарлық тазарту жүргізілетін үш пунктке бөлінген. Күн сайын көліктер екі рет тазалаудан өтеді. Бірінші кезең 06:00-ден 09:00-ге дейін, ал екінші кезең 14:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады», – деп түсіндірді С.Ханхожин.




Сондай-ақ ол төлем көп жағдайда банк аударымы арқылы жүзеге асатынын тілге тиек етті. Жүргізушілер күн сайын ауысым алдында тексерістен өтеді. Тексеріс барысында такси жүргізушісінің температурасына ерекше назар аударылады. Автопарктердегі жүргізушілерге барлық қорғаныс құралдары (маскалар, антисептиктер, қолғаптар) беріледі.

«Біз қорғаныс құралдарын көтерме бағада сатып алуды ұйымдастыруға тырысамыз, содан кейін оларды парктерге таратамыз. Соңғы рет аталған құралдарды мамыр айының басында сатып алдық, қазір барлық жүргізушілер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген», – деп түйіндеді С.Ханхожин.


Жоғары қарай