Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордалық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарды

2019 жылдың 5 қазан 2019 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елорда тұрғыны балконнан секірмек болған, дегенмен тәртіп сақшылары дер кезінде тиісті шара қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 қазан күні түнгі сағат 01:30-дар шамасында полицияға Нәжімеденов көшесіндегі пәтерде айғай-шу болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. «102» нөміріне хабарласқан пәтер көршісі ер адамның қыз балаға күш көрсетіп жатқандығын мәлім етті. Полиция қызметкерлерін көрген ер адам балконнан секірмек болды. Дегенмен тәртіп сақшылары азаматты дер кезінде райынан қайтарып, оны тұтқындады. Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр, оның нәтижесінде ер адамның әрекеті бойынша құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады», - делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Қоғам, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай