Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық педагогтер өз құқықтарын толық білмейді – Бағым  Көптілеуова

2021 жылдың 17 мамыр 2021 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова астаналық педагогтер мен мектеп басшыларының құқықтық сауаттылыққа мән бермейтінін айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық кеңеске түскен шағымдардың мониторинг қорытындысы көптеген педагогтар мен білім беру ұйымы басшыларының өздеріне заңмен кепілдік берілген әлеуметтік қорғау шараларын білмейтінін, құқықтық сауаттылыққа мән бермейтінін көрсетті. Осы орайда департамент қызметінің басым бағыты әдістемелік көмек көрсету болғандықтан, педагог құқығының заңмен қорғалуы мен әдеп нормаларының сақталуына қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтар тізбесін онлайн, офлайн конференцияларда үнемі таныстырып отырамыз. Сәуір айында өткен ұлттық біліктілік тесті кезінде ереже талаптарды бұзып, тестілеу нәтижесі жойылған педагогтермен жеке кездесу өткіздік», - деді білім департамент басшысы онлайн брифигіде.

Аталмыш шарада Бағым Көптілеуова биыл 4 білім беруі ұйымының басшысы тәртіптік жазаға тартылғанын айтқан болатын. https://lenta.inform.kz/kz/elordalyk-pedagogterden-9-ayda-20-shagym-tusken_a3788848


Жоғары қарай