Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық көлігін тұраққа қою үшін қанша уақытын жұмсайды

2021 жылдың 18 қазан 2021 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда көшелеріндегі көлік кептелісі тұрақ іздеу салдарынан туындайды. Бұл жайында «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің басшысы Шыңғыс Досыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаланың кез келген тұрғыны шамамен 20 минуты тұрақ орын іздеуге кетеді. Көлік жанармайының орташа есеппен 30 пайызы тұрақ іздеуге жұмсалады. Жүргізушілердің 27 пайызы тұрақ орны үшін өзге жүргізушілермен дауласып жатады», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында.

Оның дерегінше, жүргізушілердің 45 пайызы жолдағы кептелістертің күйзеліс деңгейін арттыратындығын айтқан.

«Жүргізушілердің шамамен 50 пайызы паркингпен байланысты проблема туындаған кезде жоспарларын өзгертеді немесе кейінге шегеріп жатады. Қаладағы кептелістердің 30 пайызы тұрақ орнын іздеу барысында туындайды», - деді Шыңғыс Досыбаев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан, Көлік,
Жоғары қарай