Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Елордалық филармонияның өнерпаздары ақ халатты абзал жандарға ән арнады

2020 жылдың 6 сәуір 2020 11:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері ақ халатты абзал жандарға арнап «Дәрігерлер» атты ән шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық дәрігерлер короновируспен алдыңғы қатарда күресуде уақытын өзіне немесе жақындарына емес, науқастарға арнай отырып, үлкен ерлік пен батылдық танытты. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты күні-түні аянбай көтеріп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірді. Шолпан Қорғанбек оқиғаға байланысты эмоциясын музыкаға айналдырды», - деп хабарлайды филармонияның баспасөз қызметінен.

Әнде дәрігерлердің батылдығы, олардың ерліктері және қазақстандықтардың бұл сынақтан өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы айтылады.


«Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин атсалысты.

«Елордалық филармония ұжымы қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық және күш-жігер мен ерлік тілейді!» - деп сәлем жолдады дәрігерлерге филармония ұжымы.



Жоғары қарай