Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордалық біреудің көлігін ұрлап мініп, электр бағанына соғылды

2021 жылдың 19 қараша 2021 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны дыбысты дабылы жоқ көлікті ұрлап мініп, электр бағанына соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ауданында болған.

«Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлады деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстады. Полицияға қала тұрғыны түнгі уақытта сағат 03.00 шамасында Мұстафин көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан «Ауди 80» маркалы көлігі ұрланғанын айтып, арызданған. Иесі көлікті дыбысты дабылын қоспай, есігін ашық қалдырған.

Тергеу барысында күдіктінің ұрланған көлікті айдап келе жатып, көзі ілініп кеткенін, сол кезде электр бағанасына соғылғанын анықтады. 18 жастағы тұрғын апат орнына қашып кеткен. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Уақытша ұстау изоляторында болады», - деп жазады жепартаменттің баспасөз қызметі.

Полиця өклідерінің айтуынша, 18 жастағы жігіт бұған дейін де осылай көлік ұрлаған көрінеді.

«Шілде айында екі рет юіреудің көлігін айдап әкеткені үшін бас бостандығы шектелген болатын. Оның астана аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - делінген департамент хабарламасында.


Жоғары қарай