Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық анасының 1 млн теңгелік құндыз тонын арақ үшін сатпақ болған

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 20:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада учаскелік инспектор егде әйелге ұрланған тонын қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қымбат тонды әйелден туған ұлы ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, ішімдікке әуес 44 жастағы азамат араққа ақша табу үшін осындай әрекетке барған. «Артем» сауда үйінің маңайында өтіп бара жатқан адамдарға мас күйде тонды сатып жібермек болған. Құны 1 миллион теңгелік тонды бар-жоғы 30 мың теңгеге сатпақ болғаны көрінеді.

«Дәл осы уақытта қолына тон ұстаған ер адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, істің мән-жайын анықтау үшін оны полицияға жеткізген. Ұсталған азаматтың анасына хабарлаған», - деп хабарлайды министрліктен.

Тәркіленген тонды полиция қызметкері жігіттің бауырына тапсырды. Жігіттің бауыры полиция қызметкерлеріне қырағылы үшін алғыс айтты.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай