Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық 7 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

2021 жылдың 22 шілде 2021 04:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарды күн сайын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өткен тәулікте, 20 шілдеде, осындай 7 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Chechil Pub» бары, «Alanya» караоке-мейрамханасы, «The-ДЫМ» лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ, соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен.

Сонымен қатар, бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген «Inforno» мейрамханасына кіре алмады.

Сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Баня на дровах» саунасы мен «Потолок» интернет кафесі жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында «Спорт сити» фитнес клубы мен «Стамбул» кафесі де осындай бұзушылықтарға жол берді.

Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз, күн сайын мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталуда. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді қатаң сақтауы тиіс.


Жоғары қарай