Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Елордаға келген мың жарым жолаушының үшеуінен коронавирус табылды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22-25 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына 1483 жолаушы келді және 3 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласына төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты, елорданың халықаралық әуежайына келген барлық жолаушыны оқшаулау ұйғарылды. Осы жұмыс аясында біз 22-25 наурыз аралығында халықаралық әуежайға келген 18 рейстің 1483 жолаушысын оқшаулардық», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Олардың барлығына биоматериал алу жолымен зертханалық тексеру жүргізілген

«Бұл жолаушылар арасында 3 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Оларды ауруханаға жатқызу, ем тағайындау және жақын байланысқан адамдар тобын анықтау жұмыстары жүргізілді», - деді С. Қисықова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 40 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан тіркелген.

Бұған дейін басқарма басшысы Нұр-Сұлтанда төрт науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген болатын.


Жоғары қарай