Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы жарылыс: 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде

2020 жылдың 21 қараша 2020 14:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылысы кезінде зардап шеккен 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. 20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 12:58-де сөндірілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департаменті КУНГ-көлігі мен автобус жіберді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды: 24-51-71, 24-51-47.

Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай