Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 540 тонна азық-түлік жеткізіледі

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 11:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік жеткізеді. Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

19 және 20 қыркүйекте «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынатын болады.

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т. б. сату жоспарланып отыр.





Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады («Айс» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС, «Айбек» ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, «Степное» ЖШС, «Рокос» ЖШС, «Изет ГринХаус» ЖШС және «Гринхаус Қазақстан» ЖШС жылыжай көкөністері, «Мир круп» тұзы, «Жаңажол» күріш, «Сыр маржаны», «Байқоңыр» Агрохолдингі», «Наймир», «Байқоңыр» ӘКК).

«Келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы керек. Маска тағып, антисептик қолдануды ұмытпаңыз»,-делінген хабарламада.








Басты сөздер: Азық-түлік, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай