Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы тұрғын үй кешендерінде қалдықтарды бөлек жинау бағдарламасы іске асырылуда

2021 жылдың 8 мамыр 2021 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығаратын ұйымымен бірлесіп, 2021 жылдың қаңтарынан елордада қалдықтарды бөлек жинауды насихаттай бастады. Ол түрлі іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыруды қамтиды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта елорданың тұрғын үй кешендерінде «Менің жасыл үйім» жобасы жүзеге асырылуда. Оның жұмысы келесідей:

Тұрғын үй кешенінің тұрғындары қалдықтарды бөлетін серіктестікке жүгінеді. Серіктестік қайталама шикізат үшін сары торлар/контейнерлер (ТК жанындағы контейнерлік алаңның болуына байланысты) орнатады. Бұдан әрі барлық ТК бойынша қалдықтардың қандай түрлері қайта өңдеуге жататыны туралы нұсқаулықтары бар плакаттар жапсырылады. Үйде қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігі жайлы видео тұрғындардың чатына жіберіледі. Оффлайн немесе онлайн форматта таңдау үшін қосымша оқыту жүргізуге болады. Оқытуды эко-жаттықтырушы, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің амбассадоры Мәриям Қасымова жүргізеді.




Жоба бірнеше тұрғын үй кешенінде, соның ішінде «Sensata Park», «Мәңгілік», «Австриялық квартал» тұрғын үй кешендерінде енгізілді.

Қазір тағы бірнеше тұрғын үй кешеніне қосу жүріп жатыр.

Осы жобаны іске асыру қалдықтарды қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, сұрыптау деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтарда экоәдет қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан, Әкімдік,
Жоғары қарай