Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы «Тұран» көшесі жартылай жабылады

2021 жылдың 11 маусым 2021 20:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Тұран» даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскедегі №27 көшенің құрылысы басталғанын мәлім етті. Аталған жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 14 маусым мен 5 шілде аралығында Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы жартылай жабылатын болады. Аталған учаскеде жол қиылысын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.


Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай