Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Елордадағы «Ramada Plaza» қонақ үйі Қаржы министрлігіне берілетін болды

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұдан бұрын елорданың полицейлеріне тапсырылған «Ramada Plaza» қонақ үй кешені Қаржы министрлігінің балансына берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қарашадағы қаулысына сәйкес, бұрынғы «Ramada Plaza» қонақ үй кешенінің ғимараты республикалық меншікке – Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансына беріледі. Қазіргі уақытта құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің арасында қабылдау-тапсырау актілеріне қол қойылып жатыр», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек бұған дейін «Ramada Plaza» қонақ үй кешеніне қалалық полиция департаментінің қызметкерлері баратыны хабарланған болатын.

«Ramada Plaza қонақ үйін елордалық полицейлерге сұрап отырмыз», - деген еді былтыр Ішкі істер министрі қызметін атқарған Қалмұханбет Қасымов.

Тіпті ол Ramada Plaza қонақ үйіне бірінші болып астанадағы Байқоңыр ауданының полицейлері көшіп баратынын мәлім еткен еді.

Фото: tripadvisor.cz
Жоғары қарай