Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Елордадағы проблемалы нысандар құрылысы 3-4 жылда толық аяқталады

2019 жылдың 6 қараша 2019 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы өзекті мәселелердің бірі - үлескерлік құрылыс. Халықтың үлестік құрылысқа қызығуының бірден-бір себебі - баспана бағасының төмендігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс бағасының төмен болуынан екі қатер бар: құрылыс жұмыстарының созылып кетуі және құрылыс компаниясының үлескерлерді алдап кетуі»,- дейді Алтынбек Қайсағалиев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда осы мәселелерді шешу үшін қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

«Мемлекеттік органдар мен тұрғын үй құрылысы кооперативінің біріккен жұмысының арқасында бүгінгі күні проблемалық нысандар 51-ден 48-ге дейін азайды. Бұл - 71 тұрғын үй, 13 054 үлескер», - дейді ол.

Сондай-ақ, 19 нысан бойынша нақты шаралар жоспары қабылданған.

«Қалған 29 ерекше проблемалы нысан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады. Толықтай қаражатпен қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 40 млрд теңге көзделіп отыр. Әкімдіктің уәкілетті ұйымы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС 6 млрд теңге игерген болса, жыл соңына дейін 14 млрд теңге игеріледі. Қалған 20 млрд теңге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында кәдеге жаратылмақ. Барлық проблемалық нысандарды 3-4 жылда толықтай аяқтауды көздеп отырмыз», - дейді қала әкімінің орынбасары.

Жоғары қарай