Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы кейбір көшелерде қозғалыс 22 қарашаға дейін тоқтатылады

2020 жылдың 22 қазан 2020 11:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Ж. Тәшенов көшесінде нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 22 қазаннан 22 қарашаға дейін А. Бараев көшесінің қиылысы мен Ж.Тәшенов шолақ көшесіндегі қозғалыс жабылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көлік құралдарының қозғалысы уақытша схема бойынша ұйымдастырылады.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін көлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне барынша мұқият болу және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа алу қажет», – делінген таратылған хабарламада.

Осы учаскедегі жылдамдық 40 км/сағ дейін шектелген.


Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай