Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Елордадағы қасқырлар туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 18:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында қасқырлар кіргені туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің басшысы Владимир Колягин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде елорда аумағында қасқырлардың жүргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция қызметкерлері жалған хабарламаларды таратқан авторларды іздестіруде», - деді В. Колягин.

Осы орайда ол жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылғанын, екіден бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік бар екенін айтты.

«Қала тұрғындарын таралған жалған ақпаратқа орай дүрбелең тудырмауға, сондай-ақ осы тектес роликтерге және негізсіз қауесеттерге сенбеуге шақырамыз», - деді Владимир Колягин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі елорда аумағына және қала маңындағы елді мекендерге қасқырлар кірмегенін мәлімдеді.



Жоғары қарай