Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын кеңейту маусым айында басталады

2020 жылдың 23 мамыр 2020 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары биылғы маусым айында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Есіл өзені көпірінен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары 1 маусымда басталады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елорда үшін маңызды нысанның құрылыс науқанына дайындығын тексерді.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырымды құрайтын Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады.

Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.











Жоғары қарай