Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы Байқоңыр ауданында екі мектеп қайта салынады

2020 жылдың 10 қыркүйек 2020 15:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Байқоңыр ауданында екі мектеп қайта салынады. Бұл туралы «Праймериз 2020» қатысушысы Расул Медетов Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. Айта кетейік, №27 және №34 мектептердің ғимараттары ескі болуына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі осы жылы құрылыс жұмыстарының басталатынын хабарлаған болатын.

Партияішілік праймериз басталысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілі Расул Медетов Байқоңыр ауданындағы проблемардың шешімін анықтау үшін күн сайын халықпен кездесуде. Оның айтуынша, Байқоңыр ауданы басқа үш ауданмен салыстырғанда жаңа болғанымен, қаланың ескі бөлігінде құрылғандықтан шешімін табуды қажет ететін мәселелер бар.

«Солардың бірқатарына тоқталып өтетін болсам. Ауданда әлеуметтік және тағы басқа нысандар тығыз орналасқан. Бұл ауданда жаңа нысандарды тұрғызу кезінде біршама қиындықтар туғызатыны анық. Сондай-ақ, аудандағы бұрынша Лесозавод, қазіргі Өндіріс тұрғын алабының жергілікті тұрындарын алаңдатқан мәселелердің бірі жол жөндеу мәселесі болып табылады. Аудан әкімдігі тарапынан биылғы жылы осы мәселені шешуге бірқатар жұмыстар жасалғанымен, әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Мәселен, теміржол өткеліне көпір қажеттігі туындап отыр. Аудан тұрғындарының өмірі үшін қауіпті жер. Себебі, көліктер кептелісі осы жерде көп болады. Сосын, Көкшетау тас жолының елордамызға кіреберісінде бір ғана жолақ жол бар. Бұл жерде де кептеліс. Басқа Қарағанды, Қорғалжын тас жолдарында 6 жолақтан», - деді ол.




Медетовтің айтуынша, ауданда 2 жоғары оқу орны, 7 колледж, 19 мектеп, 14 мемлекеттік балабақша бар.

«Жастардың дамуы мен білім алуына жағдай жасау, жұмыссыздықты жою мәселелерін көтеру керек деп есептеймін. Егер депутаттыққа жол түсіп жатса, Нұр-Сұлтан қаласының және Байқоңыр ауданының әкімдіктерімен бірлесіп жұмыстарды атқаратын боламын, - деп бөлісті Медетов.


Жоғары қарай