Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Елордадағы барлық мекеме жұмысының тоқтатылуы туралы ақпарат жалған - әкім

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 14:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы мемлекеттік мекемелердің бәрінің жұмысын тоқтатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаладағы барлық мекемелердің жұмысын тоқтатуға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жазды әкім Instagram парақшасында .

Қала басшысы тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.

«Барлық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында және аккаунттарында бар», - дейді ол.

Айта кетсек, елордада кеше түннен бері қатты боран соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығынан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қазіргі уақытта 38 авиарейс кешіктіріліп, 11 рейс тоқтатылды.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ауа райы,
Жоғары қарай