Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы «Артем» СО-дағы төбелес: Жігітті жедел жәрдем алып кетті

2018 жылдың 8 маусым 2018 13:48

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Артем» сауда орталығында қанды төбелес болып, салдарынан бір адамды жедел жәрдем көлігі алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 маусым күні Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінде орын алған бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті анықталып, қазір оны ұстау шаралары қолданылуда», - деп хабарлады Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Зардап шегуші мен еденге жайылған қан түсірілген видео мессенджерлерде таратылуда. Видеоның жазбасына сәйкес, төбелес ұялы телефон сатушысы мен сапасына наразы болған сатып алушы арасында болған. Салдарынан 1991 жылғы сатып алушы шыны витринаға құлап, жарақат алған.

Басты сөздер: Қоғам, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай