Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы «Алания» айыл жияр емес: түнгі клуб талапты тағы бұзды

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 17:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері ғана карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған «Алания» түнгі клубы тағы да бүлік шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше түнгі сағат 03.31-де полицияға «Алания» түнгі клубының жұмыс істеп тұрғаны және келушілердің улап-шулап жатқаны туралы шақырту үсті. Полиция кезекшілігі бірден жіберілді. Полиция қызметкерлері келген кезде залда шамамен 70 адам болған. Көңіл көтерушілердің бір бөлігі бар үстелшесінің жанында музыка тыңдап отырса, келесі бөлігі билеп жүрген», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің ақпаратында.

Департамент мәліметінше, көңіл көтерушілердің ешқайсысы қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Осылайша, карантин талабын бұзғаны үшін 32 адам Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың барлығы да түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар карантин режимін бұзғандарды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Айта кетейік, бұл, «Алания» түнгі клубында орын алған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін клуб басшылығы карантин режимін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.


Жоғары қарай