Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Елордада журналисті өлтірген адам 11 жылға сотталды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының соты журналист Ирина Бекетованы өлтірген қылмыскерді 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 23 сәуіріндегі сот үкімімен А.М. Гусейнов ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі бойынша орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесінде 11 жыл жазасын өтейді. Жаза қылмыс айыбын ауырлататын мән-жайларды ескере отырып ұйғарылды. Оқиға болған күні қылмыскер алкогольді ішімдікке мас болған», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімімен айыпталушыдан зардап шеккен тарапқа 6 миллион теңге моральдық өтемақы өндіріледі. Оның 4 миллион теңгесі И. Д. Бекетованың кәмелеттік жасқа толмаған балаларына беріледі.

Еске салайық, 37 жастағы тілші Ирина Бекетова қыркүйек айында мерт болды. Құқық қорғаушылар оның азаматтық некедегі күйеуі 34 жастағы Анатолий Гусейнов күдікті ретінде таныды. Олардың некесінен екі бала дүниеге келген.

ІІМ-нің мәліметінше, А.Гусейнов журналист келіншекті үйдің кіреберісінде өзге ер адаммен тұрғанын көрген. Бекетова мен Гусейнов арасында ұрыс-керіс басталған. Келіншектің танысы ол жерден кетіп бара жатып, әйел соққыға жығылып жатқанын естіген. «Қайта айналып, жоғары көтерілгенде ес-түссіз жатқан әйелді көріп, жедел жәрдем шақырған. Бұл уақытта Гусейнов қашып кеткен», - деді ІІМ ресми өкілі.

Көз жұмған Ирина Бекетованың соңында үш ұлы мен бір қызы қалды.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Сот, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай