Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жүргізуші куәлігін 80-120 мың теңге аралығында сатқандар ұсталды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 16:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаровтың айтуынша, ұсталған топтың басты фигуранты қамауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО-ы арқылы жалған медициналық анықтамалар мен автомектептер бітіру туралы куәліктерді қолдана отырып қылмыс жасаған топты ұстады. Олар азаматтарды іс жүзінде оқытпай, теориялық және практикалық емтихандар тапсыртпастан жүргізуші куәліктерін 80 мыңнан бастап 120 мың теңгеге дейінгі сыйақыға заңсыз беруді ұйымдастырған», - деді Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Аз уақыт аралығында олар 2 мыңнан астам жүргізуші куәлігін сатқаны анықталып отыр.

«Тінту кезінде 7 мектеп мөрі, 479 бітіру туралы куәлік бланкісі мен адамдардың сауалнамалық деректері толтырылмаған, дәрігерлердің қолдары мен мөрлері қойылған №086 үлгісіндегі жалған медициналық анықтамалар табылды. Мұндай куәліктердің иелері жол қозғалысы ережелерін бұзады. Ал олардың әрекеттері жол қозғалысының қатысушыларын ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін. Істің бас фигуранты 2 айға қамалды», - дейді ол.


Жоғары қарай