Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Елордада жеңіл көлік бағанды құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті

2020 жылдың 30 мамыр 2020 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жеңіл көлік көшедегі жарық бағанын құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, таңертеңгі сағат 08.05-те «KIA CARENS» маркалы көлікті тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші Б.Момышұлы көшесімен Тәуелсіздік даңғылына қарай келе жатып, Сәтбаев көшесімен қиылысқа жеткенде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарына көлік көше шамы бағанын құлатып, одан кейін аялдама алаңына кіріп кеткен.

«Абырой болғанда сол сәтте автобус аялдамасында ешкім болмаған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді департаменттен.

Айта кетейік, кеше ғана елордада «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолаушылар автобусын соққан еді.






Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай