Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада жеке инвестицияға алынатын 100 электр автобус желіге қосылады

2020 жылдың 4 маусым 2020 21:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жеке инвестиция көмегімен электр автобус санын 200-ге дейін көбейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Қалалық әкімдікте елорда әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту және көлік жүйесін дамыту мәселелері бойынша жиын өтті. Мемлекет басшылығы жанармайдың балама түріне көшіруді тапсырған болатын. Бұған дейін инвестиция мәселелері бойынша кеңесте әкімдік электр автобус өндірумен айналысатын компанияның жобасын мақұлдады.

Жеке инвестор өз қаржысына елордаға электр автобус әкеледі. Қала әкімдігі сатып алатын 100 электроавтобус биылдан бастап желіге шыға бастады. Дыбыссыз электр автобусының артықшылығы – олар экологиялық және пайдаланғанда көп шығынды қажет етпейді.

«Бұл автобустарды пайдалану автопарк тек дизельді 80%-ға дейін үнемдейтінін көрсетті. Сондай-ақ май ауыстыру және басқа да қажеттіліктер болмағандықтан, эксплуатациялық шығын 80% азайғанын байқадық. Егер дизель шығы тәулігіне 22-25 мың теңге болса, электр шығыны одан 4-5 есе аз. Автобусты күніне бір рет, тек түнде қуаттайды, ал күндіз оған қажеттілік жоқ», - деді «City Transportation Systems» компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Жаңа электр автобус автопарктерді айтарлықтай жаңартып, автобустардың жүру уақыты мен аялдамада күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, елорда әкімі тұрғындар жол ақысына қатысты мәселе көтерді.

Қыста балаларды жол ақысын төлемегені үшін автобустан түсіріп кеткен кездер болды. Егер бала мектептен немесе үйірмеден қайтатын кезде, әсіресе отбасыда бірнеше бала болса жолақысын төлеу қиынға соғатын. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес, 28 наурыздан бастап қалалық, қала маңына қатынайтын және экспресс бағдарларда 18 жасқа дейінгі балалар үшін жол ақысы тегін болды (Тек жолаушылар көлігін белгілеп, олардың жүру кестесін ыңғайлы етіп жасау үшін көлік картасы қажет).

Бұдан басқа қоғамдық көлікте жасы бойынша зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, мүгедектер, мүгедектерді ертіп жүретіндер, көпбалалы отбасылар тегін жүреді. Автобуста тегін жүру үшін аталған санаттағы азаматтарда атаулы жеңілдік картасы болуы керек.

Елорда автобустарында электронды төлем қабылданады. Қоғамдық көлік осы жүйемен толық қамтылған, сондай-ақ пилоттық жоба ретінде Face Pay жүйесі пайдаланылады. Автобустағы камералар адамдарды бет-бейнесі арқылы таниды, жолақы автоматты түрде алынады.


Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай