Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жастар мен спортшылар вакцина салдыртты

2021 жылдың 9 мамыр 2021 01:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында жастар мен спортшылар COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әрбір Қазақстан азаматы өзіміз үшін ғана емес жақындарымыз үшін де вакцина қабылдауымыз міндет. Өзгелердің де денсаулығына алаңдауымыз керек. Сол себепті жастардың көшбасшысы ретінде вакцинаны қабылдадым», - деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Ал кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі өз сөзінде қалың көпшілікке вакцина салдыруға кеңес беретінін айтты.

«Менің жетекшілігіммен біраз адам спортпен айналысып жүр. Өз елімнің патриоты ретінде вакцинаны алғашқылардың бірі қабылдауым міндет. Вакцинаны жылдам қабылдадым. Қандай да бір ауыру байқалған жоқ. Бәріне вакцинациядан өтуге кеңес беремін», — деді кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі Василий Тахтай.




Айта кетейік, жақында елордада Асхат Маемиров, Асылхан Төлепов бастаған елге белгілі бір топ өнер жұлдыздары вакцина қабылдаған болатын.


Жоғары қарай