Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада және жеті өңірде көктайғақ болады

2020 жылдың 29 қазан 2020 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қазанда елордада және жеті өңірде жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Көктайғақ кезінде азаматтарға табаны тайғанамайтын аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!»- делінген хабарламада.


Жоғары қарай