Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жаңажылдық ертеңгіліктер қалай өтеді – санитар дәрігер түсіндірді

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептері мен балабақшаларында жаңа жыл мерекесін өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында жаңажылдық ертеңгіліктерді топтық оқшаулауды қатаң сақтаған жағдайда – әр топ үшін жеке өткізуге рұқсат етіледі. Яғни, қандай да бір жаңажылдық іс-шараларды өткізу үшін топтарды біріктіруге жол берілмейді. Үй-жайларды кейіннен желдету арқылы міндетті түрде ылғалды тазалау жүргізіледі», - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, аниматорлар мен бөтен тұлғаларды шақыруға және ата-аналардың қатысуына тыйым салынады.

«Мектеп ертеңгіліктеріне келсек, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, мектептерде бұқаралық іс-шаралар өткізуге болмайды, ата-аналардың баруына да рұқсат жоқ. Сондықтан біз жаңажылдық мерекелерді әр сынып үшін жеке-жеке сынып сағаты түрінде өткізуді ұсынамыз», - деп қорытындылады дәрігер.


Жоғары қарай