Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жаңа көпшілікке арналған орындар пайда болады

2021 жылдың 8 сәуір 2021 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Урбанистика орталығы қала тұрғындарымен қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша Бейсекбаев және Сейфуллин көшелеріндегі жаңа алаңдардың эскизі дайындалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Воркаут-аймақ, түрлі жаттығу құрылғылары бар спорт-аймақ, иттерді серуендетуге арналған алаң. Аты аталған орындар Бейсекбаев көшесі 21, 21/1 және Сейфуллин көшесі 69, 69/2 үйлерінің жанындағы аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімінде қарастырылған. Мұндай шешімді қала тұрғындары мен Урбанистика орталығының өкілдері қабылдады.

Жоба аясында бірнеше ойын алаңы, отыратын орындары бар тыныш жер, киім кептіруге арналған орын, көлік тұрағы көзделген. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру да жоспарланып отыр. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. Жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шебер-жоспары бойынша жүргізіліп жатыр.

Қоғамдық талқылау – ауланы біріге отырып жобалаудың бір бөлігі.

«Естеріңізге сала кетейік, белсенділердің урбанистермен бірлескен жұмысының мәні – тұрғындар өз ауласында қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Соның негізі бойынша тілектерге сүйене отырып, жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады. Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының өтінішін жинайды. Тұрғындармен кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде, жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша эскиздік ұсыныс пайда болады», – деп атап өтті урбанистика орталығыныңөкілдері.


Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай