Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жаңа арбат салынады

2020 жылдың 7 тамыз 2020 14:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда «Жастар» сарайына қарсы бетте жаңа арбат пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ж.Омаров жаңа жаяу жүргіншілер көшесінде 2 субұрқақ салу жоспарланған. Бүгінгі таңда Ж.Омаров көшесі Республика даңғылынан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына дейін абаттандырылуда. Бірінші кезең – Әуезов көшесіне дейінгі аймақ биыл аяқталады. Бейбітшілік көшесіне дейінгі бөлікті келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба бойынша Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейін субұрқақты қайта құру қарастырылған. Жаңа субұрқақ кешені «Халықтар Достығы» монументінің айналасында салынады. Одан субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын пайда болады.




Ағынның бойында су аттракциондарын салу жоспарлануда. Тағы бір субұрқақ Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының жанында салынады. Бұл аумақта шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар қойлады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын салу қарастырылған. Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары шеңберінде жасалуда. Ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасау, көп орталықтылыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, жасыл желектер мен веложолдар санын ұлғайту, көпірлер, қоғамдық кеңістіктер салуды қарастырады.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай