Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Елордада жабық сауда орны қызметкерлері үшін жатақхана салынды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Нұр-Сұлтанда жабық үлгідегі базар ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов аумағы 18,5 мың шаршы метрді құрайтын «Орда» («Биг Шанхай») көтерме-бөлшек сауда базарының құрылысымен танысты. Қызметкерлерге жағдай жасау үшін жатақхана салынды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр. Алтай Көлгінов ашық базар форматынан жабық үлгідегі базарларға көшу қажеттігін атап өтті. Бұл тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін жақсартатыны сөзсіз. «Мемлекеттің ашық базарларды заманауи үлгідегі сауда форматтарына көшіру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін базарларды жаңғырту, жаңа сауда нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада 26 базар бар. Оның 14 – жабық, 12-сі құрамдастырылған. Осы бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізу керек. Өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетеміз. Өткен жылы екі жабық базардың құрылысы аяқталды», - деді қала әкімі.





Басты сөздер: Тұрғын үй, Әкім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай