Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада заңсыз сатылымнан 3,7 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

2020 жылдың 7 шілде 2020 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері заңсыз сатылымнан жалпы құны 3,7 млн теңге болатын медициналық препараттарды тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Елордада дәрілік препараттар мен медициналық заттардың заңсыз сатылымын анықтауға бағытталған жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Рейдтің алғашқы тәулігінде Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері медициналық маскалардың, комбинезондардың, термотрлердің, медициналық көзілдіріктер мен антиспетикалық заттардың ірі партиясын тәркіледі.

«Тәртіп сақшылары хабарландыру сайттары арқылы термометрлерді, ингавирин, парацетамол, цефтриаксон сынды бірқатар дәрілік заттарды сатқан интернет пайдаланушыларды анықтады. Тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 3 млн 700 мың теңгеден асып жығылады», - делінген таратылған ақпаратта.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Жоғары қарай