Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада заманауи сервистік полиция бекеті қалай жұмыс істейді

2021 жылдың 9 қараша 2021 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында заманауи сервистік полиция қызметінің жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министр елордада сервистік полиция қызметін жетілдіруді жүктеді. Бүгінде аталған жаңа түрі Алматы аудандық полиция басқармасы жанында полиция бөлімінде пилоттық режимде іске асып жатыр. Сервистік полиция қызметі пилоттық режимде өткен жылдың желтоқсан айында қолға алынып, биыл желтоқсанда қорытындысын шығарып, есеп береміз. Біз тұрған заманауи сервистік полиция бекеті демеушілердің қолдауымен ашылды. Сондай-ақ, біздің мамандар білім-біліктерін жетілдірді. Сервистік полицейлерге қойылатын бүгінгі талап халықпен тіл-табысып, тығыз жұмыс істеу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын түсіндіру, қоғам және жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басшының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев.
















Қазір елорда аумағында 2 замануи сервистік полиция бекеті іске қосылды. Бірі Алматы ауданында, екіншісі Сарыарқа ауданының аумағында орналасқан.

«Біздің қызметкерлердің жұмысы барысында бейнебақылау камераларының пайдасы көп. Қазір кез келген істің мән-жайын камераның көмегімен анықтауға болады. Сондай-ақ, қалада дабыл тетіктері қойылып жатыр. Бұл қылмысты ашуды немесе қылмыскерді жылдам ұстау процесінде көмегі көп. Бұйрыққа сай полиция қызметкері қоңырау түскеннен кейін 5 минуттың ішінде болуы тиіс», - дейді ол.














Жаңадан ашылған сервистік полиция бекетінің артықшылығы онда барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, заманауи әрі ыңғайлы кеңсе, аналар мен балаларға арналған бөлме бар. Полиция бекеті толықтай бейнебақылау камерасы жүйесімен қамтылып, ауданның электрондық картасы жасалған.

Сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған жасөпірімдермен жұмыс істеу үшін бөлек бөлме қарастырылған.

Одан бөлек, полиция қызметкерлері үшін де жағдай жасалып, арнайы кабинетпен қамтылған.



















































Жоғары қарай