Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада велосипед ұрлауды «кәсіп» еткен 39 жастағы азамат ұсталды

2020 жылдың 9 тамыз 2020 04:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында қалада бірнеше мәрте велосипед ұрлаған 39 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті.

Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің қараусыз қалған велосипедтерді ұрлайтыны анықталды.

Қазіргі таңда күдікті 3 велосипед ұрлығы бойынша кінәсін мойындап отыр. Бір велосипедті ол күндіз адамдардың көптігіне қарамастан дүкеннің жанынан ұралаған. Қалған екеуін үйлердің аулаларында тұрған жерінен қолды еткен. Велосипедтердің барлығының құны 200 мың теңге болады.

Бір велосипед иесіне қайтарылды. Ал қалғандарын күдікті сатып үлгерген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің елорда маңындағы осы тектес өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жаз айында велосипедтердің ұрлану жағдайларының жиілегендігін ескертеді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай