Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада үйсіз ит-мысықтарға қарайтын ұйым ашық конкурс арқылы таңдалады

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған жаңа баспананың жұмысын қамтамасыз ететін компания ашық конкурс арқылы анықталады. Оған барлық мүдделі еріктілер және басқа да ұйымдар қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қоғамдық ұйымдармен және волонтерлік бірлестіктермен кездесу барысында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мәлімдеді.

«Бүгінде біз жануарларға жанашырлық танытып жүрген белсенділермен тығыз байланыс орнатып жатырмыз. Олармен жануарлар баспанасын сенімгерлік басқаруға беру мәселесін талқыладық. Ашық конкурс талқылаулар мен келіссөздер, жүйелі шаралар қабылданғаннан кейін жарияланады», - дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов.

Кездесуде тараптар салада туындаған актуалды мәселелерді ескере отыра, алда бірлесіп орындалатын бірқатар іс-шараларды белгіледі.

«Біз жаңа баспананы жүргізу мен ондағы жануарларды асырауға арналған жоба әзірледік. Шетелдік және Қазақстанның өзге де қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, сараптама жасадық. Алдағы жарияланатын байқауға біз де қатысамыз» - дейді NUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының жетекшісі Лилия Сарсенова.

Кездесу нәтижесі бойынша алдағы уақытта мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз сенімгерлік басқару шарты шеңберінде жаңа баспана жұмысының тұжырымдамасы бекітілмек.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай