Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Ұстаздар алаңы» саябағы салынып жатыр

2021 жылдың 29 тамыз 2021 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Ұстаздар алаңы» саябағының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда «Байқоңыр» ауданы аумағында «Ұстаздар алаңы» саябағының құрылысы жүріп жатыр.

«Аталған саябақ А.Пушкин көшесі бойындағы Еуразия ұлттық университетінің аумағын қамтиды. Саябақты жайластыру барысында ашық ауада сабақ өткізу үшін Ашық аудитория аймағын, білім беру қызметкерлерінің құрметіне инсталяциялар, демалыс аймағын, балалар аймағын, спорттық - гимнастикалық аймақты орнату жоспарланған», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, қаладағы жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ.


















Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай