Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада тұрақта тұрған көлік өртенді

2021 жылдың 3 наурыз 2021 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 маман мен 1 техника бар өрт сөндіру бөлімшесі Есіл ауданынына, Мәңгілік ел даңғылы 18-үйдің жанындағы шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен кезде көлік тұрағында тұрған «Мазда» маркалы автомобильдің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген аталған ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар департамент қазіргі уақытта өрттің неден шыққан анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.



Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай