Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада түнгі клубта көңіл көтергендер ұсталды

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 16:38

НҰР-СҰЛТАН. Елордада карантин кезінде түнгі клубта көңіл көтерген жастар ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін түнгі сағат 01:30-да 102 нөміріне елорда тұрғындары қоңырау шалып, «Аура« түнгі клубына барушылар шулап, тұрғындардың мазасын алып жатқаны туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Олар келген кезде түнгі клуб ішінде демалушылар толы болған және тыйым салынғанына қарамастан бәрі билеп, көңіл көтеріп жүрген. Жастар медициналық маска тақпаған және ара қашықтықты сақтамаған», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Түнгі уақытта тыныштық бұзып, карантин режимін сақтамағандар «Есіл» аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

«Түнде тыныштық бұзу, қоғамдық орында және ғимарат ішінде кальян шегуге байланысты құқық бұзушылыққа қатысты 65 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ішімдік ішкен күйде және құжатсыз күйде көлік басқару фактісі бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды. «Аура« түнгі клубының әкімшілігі тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қатысты бұрын да заң бұзған», - делінген баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай