Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Елордада тісін емдеткеннен кейін комаға түскен баланың жағдайы әлі ауыр - ДСМ

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова елордада тіс емханасында емделіп, шыққаннан кейін ес-түссіз қалған қыз баланың жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыз баланың жағдайы әлі де ауыр. «Доктор Бро» клиникасына жүргізілген тексеріс туралы өткен аптада айтылған еді. Оған медициналық қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтар аталды. Барлық материал құқықтық баға беру үшін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне жіберілді. Ары қарай істі құқық қорғау органдары шешеді», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын өз бақылауына алған болатын.

Айта кетсек, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз қалғанын жазған болатын. Бала екі аптадан бері есін жия алмай жатыр.


Жоғары қарай