Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада тағы бір көшеге Bus Lane жолағы енгізіледі

2021 жылдың 27 тамыз 2021 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында тағы көше бойына Bus Lane жолағы енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 тамыздан бастап Абылай хан даңғылында Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі жол учаскесінде уақыттық шектеумен, қоғамдық көлікке арналған жолақ (Bus Lane) енгізіледі. Ондағы мақсат – автобуспен қатар жедел жәрдем, арнайы және өрт сөндіру қызметінің қозғалысын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, аталған жолақпен белгілі уақытта жеңіл автокөліктің де жүруіне рұқсат берілмек. Дегенмен автобустан басқа көліктерге кептеліс уақытында жүруге болмайды. Атап айтқанда, таңғы сағат 07:30 -дан 9.30 -ға дейін және сағат 17:00 -ден 20:00-ге дейін уақыт аралығы», - деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-ның Қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, аталған шара 2020-2021 жылдарға арналған елордада жол қозғалысын басқаруды жақсарту мен жол қауіпсіздігін арттырудың кешенді жоспары аясында жүзеге асып отыр.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Жол, Көлік,
Жоғары қарай