Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада спорттық бәсекеге ақша тігіп, жұртты алдаған алаяқ ұсталды

2021 жылдың 20 шілде 2021 12:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 жасар Түркістан облысының тұрғыны 55 астаналықты сазға отырғызып кетті. Ол спорттық ұтысқа ақша тігіп, баюдың оңай жолын ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Жас жігіт Instagram парақшасында спорттық ұтысқа ақша тігіп, 100% ұтысқа ие болу туралы хабарлама жариялаған. Алаяқ елордалықтарды спорттық бәсекеге ақша тігуге көндіріп, олардан электронды әмиянына ақша жіберуін сұраған. Және бәсекеден түскен пайданы тәулік ішінде жіберуге уәде беріп, ақшаны алған соң, алданған азаматтардың байланыс нөмірлерін бұғаттап тастаған. Тергеу барысында анықталғандай, ол азаматтың ұтыс тігуге еш қатысы жоқтығы және жұрт түскен ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде алаяқ ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ол келтірген шығынның көлемі 3 500 000 теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

Департаменттің хабарлауынша, пандемия кезінде интернетте осы секілді жеңіл ақша табуға шақыратын жалған хабарламалар көбейіп кеткен.

«Оның ешқандай талабы жоқ, тек ақша жіберсе болғаны. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жеңіл табыс табу жолында алданып қалып жатады. Осы орайда интернетте жарияланған хабарламалардың растығын жіті тексерген жөн», - деп хабарлайды департаменттен.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті азаматтардан желі алаяқтарының алдауына түсіп қалмауға кеңес береді. Интернетте жарияланған түсініксіз және күмәнді ойын, ұтыстарға қатыспауға шақырады. Алаяқтар өз кезегінде тұрғындарды тиімді ұтысқа ие болатынын айтып, жалған уәдемен сан соқтырады.


Жоғары қарай