Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада сенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

2021 жылдың 27 тамыз 2021 22:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың қоғамдық көлік қозғалысы 28 тамыздан бастап сенбі күндері жұмыс істейтін болады. Бұл шешім ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда, сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күндері автобустар жүрмейді. Бұл күні қала автопарктерінің автобустары ауқымды дезинфекциядан өтеді. Бұл ретте жолаушылар жиі ұстайтын тұстарды өңдеуге ерекше назар аударылады.

Айта кету керек, автобустарда дезинфекциялық жұмыстар ауысымнан кейін күн сайын жүргізіледі. Сонымен қатар, соңғы аялдамаларда салонды дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу де жүзеге асырылады.

Жұмыс күндері қоғамдық көлік штаттық режимде сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

Қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтау қажет. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы төленеді.


Жоғары қарай