Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада сауда орталықтары сенбі күні жұмыс істейді

2020 жылдың 21 қараша 2020 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның жаңа қаулысына сәйкес, елордада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 шаршыметр есебінен толтырылуын 30 пайыздан аспайтындай етумен, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуына тыйым салумен, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленіп, жексенбі және мереке күндері жұмыстарына (оларда орналасқан дәріханалар мен тамақ өнімдерін сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) тыйым салумен ұйымдастырылады», - делінген қаулыда.

Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады.


Жоғары қарай