Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Елордада полицейлер дауыс күшейткіш құралдар арқылы хабарлама жасайды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 20:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш құралдар арқылы тұрғындарға карантиндік сақтық шаралары туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері еліміздегі төтенше жағдай мен қаладағы карантинге байланысты айрықша режимде қызмет етуде. Қоғамдық тәртіп пен стратегиялық нысандарды қорғауды күшейтіп, полиция жасақтарының саны көбейтілді.

Сонымен бірге, көшелерді патрульдеу жұмыстары жалғасуда. Полиция көліктері дауыс зорайтқыштарымен жабдықталған және оларды халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалану туралы шешім қабылданды.

Қазақ және орыс тілдерінде қайталанатын аудиожазбаларда төмендегідей ақпарат айтылады:

«Құрметті елорда тұрғындары! Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекция карантиніне байланысты барлық тұрғындар келесі шектеу шараларын сақтауы керек:

• Аса қажеттілік болмаса тұрғын үйден шықпаңыз.

• Адамдар көп жиналатын орындарға – банктерге, дәріханаларға, дүкен мен медициналық мекемелерге барғанда, қоғамдық көлікке мінгенде бетперде киіңіз.

• Түшкіру немесе жөтелу кезінде мұрын мен ауызды бір реттік сүлгімен жабыңыз.

• Қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік антисептик жағыңыз.

• Қоғамдық орындарда ең кемі 1,5-2 метр қашықтықты сақтаңыз.

• Қол алмасып амандаспаңыз.


Жоғары қарай