Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада пневмониямен ауыратындар 40 пайызға азайды

2020 жылдың 25 шілде 2020 22:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 5 шілдеден бастап енгізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны 40,5% – 1 348-ден 793-ке дейін азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалада коронавирус стационарларына түскен науқас саны 50,3%-ға азайды.

«Карантин шаралары, емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту және қала тұрғындарының санитария нормаларын қатаң сақтауы денсаулық сақтау жүйесіне, дәрігерлерге жүктемені айтарлықтай төмендетті. Жедел жәрдем стансасына қоңырау саны екі есеге жуық астам азайды – тәулігіне 2 400-ден 1 129-ға дейін (52,3%) түсті. Соның ішінде КВИ бойынша – күніне 350-ден 112-ге дейін. Карантинге дейін, коронавирустың ауыр дәрежесімен науқастар медицина мекемелеріне бірінен соң бірі түсіп жататын. Бұл – дәрігерлерге моральдық тұрғыдан өте ауыр тиді, олар шаршады. Денсаулық сақтау мамандары әр науқас үшін соңына дейін күресті. Қазір ауыр науқастар саны азайды. Екі күн бұрын дәрігерлеріміз өкпесі 100%, 90% қабынған науқастарды емдеп шығарды. Азаматтардан карантин алынып тасталғаннан кейін де инфекцияның алдын алу үшін санитария нормаларын қатаң сақтауды сұраймыз», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Осылайша, КВИ-ден емделіп шыққандар саны 67 пайызға жетті. 9 494 науқастың 6 607-і сауығып шықты. Төсек-орын жүктемесі 90%-дан 47%-ға азайды.


Жоғары қарай