Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада өткен STEM олимпиада коронавируспен күреске арналды

2020 жылдың 29 қараша 2020 14:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда STEM олимпиада өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімет таратты.

«Пандемия цифрландыру мен IT-технологияларды дамытуға ерекше назар аудару қажет екенін көрсетті. Бүгін STEM олимпиадасында оқушыларды тыңдадым» деп жазды шаһар басшысы Instagram парақшасында.




Олимпиада тақырыбы коронавируспен күресетін жобаларға арналды. Оқушылар өз жобаларын таныстырды.

«Бұл жобалардың арасында адамдар сұрақтарға жауап бере отырып, инфекцияны жұқтыру %-ын және емдеудің келесі қадамдарын көре алатын сайт, температураны бекітуге арналған білезік, тұрғындардың кіріп-шығуын тіркейтін және антисептик қолдану қажеттігі туралы сигнал беретін робот және басқалар бар» дейді Алтай Көлгінов.

Елордалық STEM олимпиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, республикалық олимпиадаға жолдама алды.


























Жоғары қарай